Включите JavaScript в настройках браузера.
24 июля 2024
Сейчас читают:

ЖМК ауданындағы жол айырығының құрылысы

ЖМК ауданындағы жол айырығының құрылысы

Жол жылы аясында Өскеменде де бірнеше ірі жоба іске асырылады. Қаладағы көлік кептелісін азайтып, қозғалысқа қолайлы жағдай туғызу мақсатында Жібек жолы, Базовая көшелері мен Сәтпаев, Есенберлин даңғылдары қиылысында үлкен жол айырығының құрылысы қолға алынған. Қазір жерді қазу, ағаштарды кесу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге мұнда айналма жол ғана түседі. Қаржыландыру көлеміне қарай кейін бірнеше деңгейлі үлкен жол айырығын салу жоспарда бар.

Жобаның қажеттігі туралы бірнеше жылдан бері айтылып келеді. Былтыр Шығыс Қазақстанға көлік министрі Марат Қарабаев жұмыс сапарымен келгенде бастапқы кезеңде айналма жол салынатыны айтылған. Жыл басынан бері бұл жерде құрылыс қызу жүріп жатыр. Айналма жолмен бірге мұнда кейінірек бой көтеретін күрделі жол айырығының тағаны да қалана бастағанын көруге болады.    

«Биыл айналма жолдың құрылысы аяқталады. Ал көпдеңгейлі эстакада қаржылық мүмкіндікке қарай салынады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын мердігер компания «R.B.Company» ЖШС атқарып жатыр», — деп мәлімдеді Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Ержан Ибраев.

Бұған қоса Базовая көшесі кеңейтілуде. Өйткені «Нұрлы жол» шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің көптеп салынуы, бұл аумақтағы халық санының өсуіне, жүріп-тұратын көліктердің көбеюіне әсер етті. Жоспар бойынша жолды кеңейті жұмысы биыл аяқталады.

Новые вакансии

Также читайте

Самое читаемое

За 3 дня
За 7 дней
За 30 дней