Аким ВКО Ермек Кошербаев поздравил восточноказахстанцев с Наурыз мейрамы
Құрметті шығысқазақстандықтар!
Ұлыстың Ұлы күні – Әз-Наурыз құтты болсын!
Көнеден келе жатқан тағылымы мол мейрам біз үшін ең әуелі – береке мен бірліктің, үміт пен жаңарудың нышаны.
Күн мен түн теңесіп, жыл басы саналған Наурыз тарихи тамырын үзбей ұрпақтан ұрпаққа жетті, ал бүгінде жаңа қарқын ала түсті.
Мемлекет басшысының бастамасымен, Наурызнама айдың 14-інен – Көрісу күні - Амал мерекесінен басталды. Одан кейін Қайырымдылық, Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр, Шаңырақ, Ұлттық киім, Жаңару, Ұлттық спорт, Ынтымақ күндерімен жалғасып, 22 наурыз - Жыл басы деп белгіленді.
Ұлыстың ұлы күнін біртұтас ел болып қарсы алғаннан кейін, 23 Наурыз Тазару күні етіп жарияланды. Бұл күні барлық аймақтарда Жалпықұлттық экологиялық акция өтеді.
Дорогие восточноказахстанцы!
Сердечно поздравляю вас с Наурыз мейрамы!
Этот день уже много тысяч лет является символом обновления и рождения весны, началом нового года, светлого настроения и добрых побуждений.
Празднование Наурыза исторически длится несколько дней. «Наурызнама» по инициативе Главы государства стало олицетворением отличительных черт народа Казахстана. Ведь этот праздник является воплощением тех добрых традиций, которые из года в год становятся только крепче – это единство, мир, согласие и дружелюбие.
Каждый день посвящён определённым видам культуры, спорта, традиций и обычаев. И каждый день наполненный яркими эмоциями и впечатлениями вносит новые креативные ноты в празднование Наурыза, делая его по-настоящему общенародным, любимым для всех.
22 марта по всей стране пройдут масштабные мероприятия. А 23 марта будет организована экологическая акция, ведь всегда, в первые дни весны люди стремились помочь природе.
Я поздравляю всех с этим замечательным праздником и желаю благополучия, радости и счастья! Пусть этот день станет действительно началом нового и прекрасного в жизни каждого из нас!
Ұлыстың Ұлы күні халқымыз қонақжайлығын көрсетіп, достық ықылас пен татулық, қайырымдылық пен ізгілікті насихаттайды. Осындай құндылықтарымыз барда, біз қандай да болсын қиын кезеңнен сүрінбей өтеміз.
Әз-Наурыз әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін!
Ұлыс оң, ақ мол болсын!