Включите JavaScript в настройках браузера.
12 апреля 2022
Сейчас читают:

Қазақстанда стелс-омикрон штамы тіркелген жоқ

Қазақстанда стелс-омикрон штамы жоқ, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев, деп хабарлайды Sputnik Казахстан тілшісі.

"Қазір Қытайда және басқа көрші елдерде айналымда жүрген стелс-омикрон штамы бізде тіркелмеген", — деді Байтанаев мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында.

Қазақстанда қазір коронавирустың омикрон штамы басым, сондай-ақ дельта штамы мен Ухань штамы анықталып жатыр.

Комитет өкілінің айтуынша, елде стелс-омикрон штамы пайда болса, одан тек вакцинация және ревакцинация арқылы ғана қорғануға болады.

Айта кетері, стелс-омикрон қазір COVID-19 инфекциясының ең жұқпалы түрі саналады.

Жаңа штамға байланысты Қытайдың Шанхай қаласында белгісіз мерзімге дейін толық локдаун енгізілді адамдарға үйден шығуға тыйым салынған, ал қалаға коронавирусқа жаппай тестілеу жүргізу үшін мыңдаған медицина қызметкері жіберілді.

Новые вакансии

Также читайте

Самое читаемое

За 3 дня
За 7 дней
За 30 дней