Включите JavaScript в настройках браузера.
Выберите режим
18 апреля 2024
Сейчас читают:

Өскемендегі Жамбыл саябағын тазалауға 140-тан астам адам атсалысты

Өскемендегі Жамбыл саябағын тазалауға 140-тан астам адам атсалысты

Мемлекеттік мекемелердің және мәдениет саласының қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында эстафетаны қабылдады. Олар бүгін Жамбыл саябағын қоқыс пен жапырақтан тазалады.

ШҚО тарихи-мәдени мұраны қорғау мекемесінің бөлім меңгерушісі Айгүл Чукаеваның айтуынша, 18 сәуір — Халықаралық ескерткіштерді қорғау күні.

— Бүгін біз саябақ аумағын тазалап жатырмыз. Жамбыл саябағы -мәдениет тарихы, бұл біздің мұрамыз. Біз бәріміз акцияны қолдаймыз және барлық азаматтарды, қала тұрғындарын сенбілікке атсалысуға шақырамыз. Егер бәріміз аулалар мен көшелерді тазалауға жұмылсақ, біздің қала таза болады, — деді Айгүл Чукаева.

Айта кетейік, республикалық акция мамыр айының ортасына дейін жалғасады, «Таза өлке» деп аталған алғашқы аптада көшелер мен аулала тазартылса, «Киелі мекен» атты екінші апталық тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыруға арналды.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Новые вакансии

Также читайте

Самое читаемое

За 3 дня
За 7 дней
За 30 дней