Включите JavaScript в настройках браузера.
18 часов назад
Сейчас читают:

ШҚО әкімі: қыркүйек және қазан айларында көмір жеткізу көлемі ұлғайтылуы тиіс

ШҚО әкімі: қыркүйек және қазан айларында көмір жеткізу көлемі ұлғайтылуы тиіс

Облыс әкімдігінде алдағы 2025/2026 жылыту маусымына дайындық талқыланды.

«Қазіргі кездегі негізгі міндет – өңірдің барлық жылу көздерінде көмірдің нормативтік қорын уақытылы қалыптастыру, – деп атап өтті ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов. – 1 қарашаға дейін дебиторлық және кредиторлық берешекті толығымен өтеу қажет».

Бұдан басқа қалалар мен аудандарда көмір сататын өңірлік операторлардың жұмысына бақылауды күшейту тапсырылды: қыркүйек пен қазанға арналған өтінімдер көлемі бекітілген жоспарға сәйкес ұлғайтылуы тиіс.

«Жөндеу науқанының барысына бөлек тоқталғым келеді. Өскемен ЖЭО-да күрделі және ағымдағы жұмыстар бірнеше қазандық және турбоагрегаттарда орындалуда, дайындық деңгейі 84 пайызды құрайды. Согра ЖЭО-да – 94 пайыз, Риддер ЖЭО-да – 93 пайыз», – деді әкім.

Сонымен қатар электр желілері жаңартылуда: 520 шақырымнан астам электр беру желілері, 37 ірі және 54 трансформаторлық қосалқы станциялар жөнделді. «КЕGОС» АҚ «Шығыс жүйеаралық электр желілері» филиалы бойынша барлық жұмыстар толығымен аяқталды.

«Кестеден кешігіп жатқан объектілерде тиісті шаралар қолданылуы керек, – деді Нұрымбет Аманұлы. – Аудан әкімдіктеріне жеке тапсырма – сүрлем, сабан мен жемді дайындау жұмыстарын уақытылы аяқтау. Бұл ауылдағы қыстың ойдағыдай өтуінің және фермерлеріміз үшін сенімділіктің негізгі шарты».

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Новые вакансии

Также читайте

Самое читаемое

За 3 дня
За 7 дней
За 30 дней