Включите JavaScript в настройках браузера.
Выберите режим
12 августа 2022
Сейчас читают:

Ұлы би ұлықталған күн. Зайсан ауданында «Шешендік шебері» байқауы өткізілді

Ұлы би ұлықталған күн. Зайсан ауданында «Шешендік шебері» байқауы өткізілді

Ерекше форматта өрбіген сайыста ешкім елеусіз қалмады. Жүлдеге іліге алмаған қатысушылар да Алғыс хаттармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, әрбірі тыңғылықты дайындықпен келген.

ШҚО Мәдениет басқармасы мен Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы тізе қосып ұйымдастырған сайыс «Сәлем – сөздің атасы», «Ұлылар сөзі», «Көрініс көрсету», сондай-ақ «Ұшқыр ой» сынды төрт кезеңге бөлінген. 

Шара Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл толуына орай өтті. Ашылу салтанатында Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Роза Төлемісова сөз алып, артынып-тартынып жеткен қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан бөлек, бірқатар тәжірибелі тіл мамандары барынша әділ төрелік қылуды мақсат етті.

Әрине, Орта жүз Арғын тайпасының Қаракесек руынан шыққан қазақтың ұлы биінің  құрметіне орайластырған шарада шешендіктен бөлек, білім мен тапқырлық та аса қажет. 18-35 жас аралығындағы алты қатысушы кезең сайын қарқынына қарқын қосты.

Ұйымдастырушылардың айтуларынша, I кезеңде әдеттегідей өздерін таныстырды. II кезеңде сайыс ұяшықтарын таңдауларына қарай ақын, жазушы, жырау, би-шешендерге арнау айтты. Әрі қарай ұлы тұлғалар мен би-шешендердің образын салса, «Ұшқыр ой» межесінде Қаз дауысты Қазыбек бидің өмір жолы мен туындыларына байланысты түрлі сауалдарға жауап берді. Дөп басып, мүдірмей айтқандары бар, кідіріп, ой түбіне бойлағандары бар. 1680 жылы Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткені, Тәуке хан Төле, Әйтеке, Қазыбек билерге жаңа заң жобасын – «Жеті жарғыны» жасатып, бүкіл халық алдында қабылдатқаны сынды құнды һәм әралуан мәліметтер айтылды. Бабалар рухын сезініп, өткенге көз жүгірткен жастар шаршы топ алдында сөз алғанда арқалана түскендері рас.

Қысқасы, әр үміткер тарихтың тарамдарын парақтай отырып, ұлы бидің жүріп өткен жолын қазылар алдына көрсетудің жан-жақты тетігін іздестірді. Айта кетерлік жайт, тіл шеберлігі мен мәдениетін дәріптейтін байқау облыстық деңгейде тұңғыш рет жалауын көтерді.

 – Шешендікке ден қойған жастарды демеп, құштарлығын ояту бағзы заманнан байқалған. Қазыбек бидің қазақ халқының тағдырында шешуші рөл атқарғаны: қазақ халқын біріктіріп, орталықтандырылған мемлекетті құрғандардың бірі болғанын қатысушылар да жіті түсінді. Байқау өз деңгейінде өтті, – деді ұйымдастырушылар.

«Шешендік шеберінде» жергілікті Олжас Шарибаев, Көкпектіден келген Фархат Маратұлы сынды қатысушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеуде бар қабілеттерін паш етті.

Сайыс нәтижесінде қатарластарынан қара үзген Фархат Маратұлы (Көкпекті ауданы) Бас жүлдені қанжығалады. Әрі қарай 1 орын Боранбай Төлепбергенге (Зайсан ауданы); 2 орын  – Елдес Нұрданұлына (Күршім ауданы) және 3 орын Олжас Шарибаевқа (Зайсан ауданы) ие болды.

Жүлдеден тыс қалған Балауса Азаматқызы мен Әдемі Зайнолдина Алғыс хаттармен марапатталды.

Память о Қазыбек би жива

В Зайсанском районе прошёл областной конкурс «Шешендік шебері»

Мероприятие, организованное управлением культуры ВКО и Восточно-Казахстанским лингвистическим центром, было приурочено к 355-летию со дня рождения казахского общественного и государственного деятеля, советника Тәуке хана, искусного  оратора, справедливого бия и отважного батыра – известного как Қаз дауысты Қазыбек би. На открытии выступила заместитель руководителя управления культуры Роза Төлемісова, которая пожелала всем участникам удачи. А опытные языковеды в составе жюри  постарались сделать судейство максимально справедливым.

Конкурс был разделен на четыре этапа: «Сәлем – сөздің атасы», «Көрініс көрсету», «Ұлылар сөзі», «Ұшқыр ой».

Конечно, на мероприятии, проводимом в честь великого казахского бия из племени Арғын рода Қаракесек Среднего жуза, помимо красноречия, необходимы были знания и находчивость. Шесть участников в возрасте от 18 до 35 лет этап за этапом прибавляли темп.

По словам организаторов, все они были очень хорошо подготовлены. На первом этапе конкурсанты рассказали о себе. На втором этапе, согласно выбранным конкурсным ячейкам, участники представили посвящения поэтам, писателям, жырау, биям и ораторам. А на состязании «Ұшқыр ой» перевоплотились в образы известных личностей, биев и ораторов. Также ответили на различные вопросы, связанные с жизненным путем и произведениями Қазыбек би.

В 1680 году Тәуке хан назначил Қазыбека главным бием Среднего жуза. По поручению Тәуке хана Төле би, Әйтеке би и Қазыбек би создали свод законов – «Жеті жарғы».

Каждый участник проделал немалую работу, чтобы показать перед жюри пройденный путь великого бия. Стоит отметить, что конкурс по популяризации языкового мастерства и культуры впервые проведен на областном уровне.

– Еще наши предки поддерживали молодых людей в их стремлении к ораторскому мастерству. Участники понимали, что Қазыбек би сыграл решающую роль в судьбе казахского народа: он стал одним из тех, кто объединил казахский народ и создал централизованное государство. Конкурс прошел на  достойном уровне, – рассказали организаторы.

Особенно отличились своими способностями в ораторском мастерстве и популяризации национальных ценностей Олжас Шарибаев и Фархат Маратұлы.

По итогам соревнований:

- Гран-при завоевал Фархат Маратұлы (Кокпектинский район), который также известен многим как опытный акын;

- 1 место занял Боранбай Төлепберген (Зайсанский район);

- 2 место  —  Елдес  Нұрданұлы  (Курчумский район);

- 3 место — Олжас  Шарибаев (Зайсанский район).

В конкурсе, который проходил в необычном формате, никто не остался незамеченным.

Благодарственными письмами были награждены Балауса Азаматқызы и Әдемі Зайнолдина.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Новые вакансии

Также читайте

Самое читаемое

За 3 дня
За 7 дней
За 30 дней