Включите JavaScript в настройках браузера.
7 февраля 2024
Сейчас читают:

Сыныптан шахтаға дейін

ШҚО колледждерінде өнеркәсіп саласында сұранысқа ие мамандарды кәсіби даярлау қолға алынған.

Қазіргі таңда Қазақстандағы өндірістің біршама саласында жұмысшылар мен инженерлік-техникалық мамандардың тапшы екені айдай анық. Бұл- мектеп түлектерінің басым бөлігі «заңгер» немесе «экономика» мамандығын таңдап, білімнің жаппай гуманитарлық салаға өтуінің салдары. Дәл қазір тау кен өнеркәсібіне қажетті мамандарды дайындау үшін кәсіби-техникалық колледждерде оқу-өндірістік базаны жаңарту керек. Алпауыт кәсіпорындар қажетті мамандарды өздері дайындауды қалайды. Біз бүгінгі күні ШҚО-дағы дуальді оқыту жүйесінің тиімділігіне тоқтауды жөн көрдік.

Заманауи әлемдегі индустриалды дамыған елдерде техникалық мамандарды дайындау дуальді оқыту түрінде жүргізіледі, яғни, нақты бәр кәсіпорында теория өндірістік тәжірибемен ұштасады. Бұл студентке алған білімін игеріп, кәсіби білім алып жүріп, шеберлігін арттыруға мүмкіндік береді. Ал кәсіпорын өзіне өндірістің қыр-сырын білетін, іс-жүзінде өзін таныта білген, сапалы кадрлық резерв дайындайды.

Шығыс Қазақстанда дуальды оқыту аясында «Суперколледж» деген ортақ  атпен бірнеше жобалар іске қосылды. Жоба бір оқпен екі қоянды атумен тең; нақты кәсіпорынға қажетті мамандарды дайындайды және колледж түлектерінің біліктілігін арттырады.

ШҚО-ның жер қойнауы кен орындарына бай. Өңірімізге қажетті тау-кен-металлургия саласы мамандарын дайындаудың қызығушылық туғызғаны да таңқаларлық жәйт емес. Расында да, болашақ шахтер, металлург, химик, өнеркәсіп автоматикасын іске қосатын мамандар үшін тегін білім алып, бірден жұмысқа тұру таптырмас мүмкіндік. 

Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жоғарғы IT-колледжі «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша грант пен дипломдар беретін бағдарламаны іске қосуда. Ол- кен құрамынан құнды минералды бөлу процесі. Байытушы маман көмір немесе кенді мөлшеріне қарай бөлуге, байытушы машиналар мен аппараттардың жұмысына, пайда болған ақауларды жоюға жауапты. Колледж дайындайтын пайдалы қазбаларды өңдеуші инженерлер болса, зертханаларда, шахталар және арнайы кәсіпорындарда жұмыс істей алады.

Тиісті мамандарды дайындауға қажетті оқу сыныптарын жабдықтауға KAZ Minerаls компаниясы қол ұшын берді.

— Жоғарғы IT-колледжінің директоры Шахрам Солтанбекованың айтуынша сынып 14,7 миллион теңгеге жабдықталған. — Онда ұсақтау, үгіту, қалқыту және қоюлату процестерін үйрету бағдарламасын оқытуға қажетті лабораториялық-тәжірибелік жұмысқа қажетті құрылғылар орнатылған. Аталмыш сыныпта теориялық және практикалық оқу қатар жүреді. Дәрістердің тиімділігін арттыру үшін арнайы оқу планшеттері- пайдалы қазбаларды байытудың техникалық жүйесі, қоюлатқыш, гидроциклон, флотациялық бағана, қос орамды ұстақтағыш, конустық ұсақтағыш көрсетілген.

Әрине абитуриенттердің көбі мектеп бітірген соң өмірлік кәсіптерін еңбекақыға байланысты таңдайтыны құпия емес. Олар «заңгерлер» мен «экономистер» бастан асып жатқан еңбек нарығындағы қиыншылықтарды түсіне бермейді. Дегенмен, біздің аймақта саны көп өндірістік өнеркәсіптерге білікті техникалық  маман үнемі қажет. Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі аясындағы құзыреттілік орталығы осындай мамандарды даярлайды. ШҚО Білім басқармасы оның оқу-өндірістік кеңселерін жөндеу үшін жұз миллионнан астам қаржы бөлді. Ал, құны 250 миллион доллар тұратын оқу-құрал жабдықтарымен KAZ Minerals компаниясы қамтамасыз етті. Ең соңғы үлгіде деуге болады.

— Құзыреттілік орталықтың басшысы Жансая Байкерееваның айтуынша, теориялық оқу кабинеті, А және Б электр монтажды шеберханалар, бақылау-өлшеу құралдары мен автоматика шеберханалары, слесарлі-механикалық шеберхана, кешенді дәнекерлеу және тау кен құралдары секілді жаңа бөлмелер іске қосылды. Барлық оқу-өндірістік шеберханалар мен жұмыс орындарындағы жабдықтау деңгейі шынайы өндірістегі жағдайға біршама теңестірілген.

Дарынды студенттердің тегін білім алып, тәжірибелік шеберліктерін арттыруға мүмкіндіктері зор. Олардың көбісі диплом алғаннан кейін жұмыс іздеп сандалмайды.

— «Мен Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің «Бақылау өлшеу құралды және автоматика» мамандығына KAZ Minerals компаниясың гранты арқылы түстім, — дейді екінші курс студенті Рамиль Жамалиев. — Әрі қарай онда өндірістік тәжірибеден өтіп, сол жерде жұмысқа қалуды жоспарлап отырмын».

Қазір жас маман Құзіреттілік орталық негізінде колледждің ішінде тәжірибеден өтіп, құрал-жабдықтармен танысып, сызбаларды құрастыруды үйренуде. Колледжді бітірген соң ол төртінші деңгейдегі  арнайы маман болып шығады. Сондай-ақ Орталықта «Автомобильді көліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мен «Технолоиялық процестерді автоматтау және басқару» мамандықтары бойынша кадрларды арнайы дайындау да жүріп жатыр. 2019 жылдан бастап студенттер «Тағылымгер» бағдарламасына белсенді қатысып, соның арқасында жұмыспен қамтылуда. Бүгінгі күні 29 маман грантпен тегін білім алып шықты. Алғашқы түлектер қызметке кірісіп те кеткен.

Құзыреттілік орталық басшысының айтуынша, оқытушылар құрамы да студентерге заманауи өндірістің талабына сай білім беру үшін тиісті тәжірибелік дайындықтан өтті. Колледж бен кәсіпорынның өзара әрекет етуі шеңберінде оқу орнының инженерлік-педагогикалық қызмеркерлері үшін «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС-де тағылымдамадан өту мен оқу семинарлары ұйымдастырылды.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінің Жоғарғы колледжі де нақты бір кәсіпорында сұранысқа дәл қазір ие мамандарды дайындауды көздеп отыр. Аталмыш оқу орнында химиялық зерттеулер жасайтын лаборанттарға арналған оқу сыныбын жабдықтауға 22,2 миллион теңге жұмсалды. Аудиторияда орындықтар мен столдар ғана тұрған жоқ. Оқыту үшін интерактивті және техникалық құралдар, табиғи жиынтық, оқу плакаттары, құралдар, бейнефильмдер, көрсету және зертханалық құралдар, химиялық реактивтер жиынтығы және ыдыс-аяқтар бар. Жанында заманауи құралдармен жабдықталған зертхана бар, ол жерде тәжірибелер жүргізуге болады.

Қаражат пен құралдарды, сондай-ақ жас химиктерді оқыту грантын да KAZ Minerаls компаниясы ұсынды. Колледжді тамамдап, өндірістік және диплом алды тәжірибеден өтіп, дипломды қолға алғаннан кейін түлектер аталмыш компанияның кәсіпорындарында жұмыс істей алады.

— Осы серіктестік аясында аталмыш компания біздің аймаққа қажет кәсіби мамандарды дайындауда үлкен қызығушылық пен қолдау көрсетіп келеді, — дейді Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті ректоры Мұхтар Төлеген.

Ирина Плотникова
Ольга Юрьева
Фотоларды Елена Бредихина және колледж ұсынды

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Новые вакансии

Также читайте

Самое читаемое

За 3 дня
За 7 дней
За 30 дней