Включите JavaScript в настройках браузера.
Выберите режим
30 мая 2019
Сейчас читают:

Жаңа емленің жай-жапсары түсіндірілді. Объяснили новое правописание

Жаңа емленің жай-жапсары түсіндірілді. Объяснили новое правописание

Өскемен қаласында «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық семинар болып өтті. Екі күнге созылған шарада өңіріміздегі ЖОО лингвист ғалымдары, тіл оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері қазақ әліпбиінің қысқаша тарихы, графикасы мен құрамы, әріп-фонема арақатынасы, сондай-ақ қазіргі айтылым мен жазылым нормалары туралы кеңінен ақпарат алды.

Облыс орталығына атбасын бұрған ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық семинар өткізді. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ғимаратында болған семинардың мақсаты – латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау.

– Біз жаңа емлені оқыту барысында екі бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Бірінші бағыт – Нұр-Сұлтан қаласында 72 сағаттық курс өтізілуде. Былтырғы жылдың 26-шы қарашасынан басталған бұл курс қазан айына дейін жалғаспақ. Екінші бағыт – дәріс семинар. Республиканың барлық облыстарына барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Өскемендегі дәріс өте сәтті өтті деуге болады. Себебі дүйім жұрт жаңа емленің алғы шарттарымен, мазмұны және құрылымымен сондай-ақ IT жобалармен танысты. Ал 12 сағаттық семинарда 60 адамды оқыттық. Мұнда Шығыс Қазақстандағы тіл оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері ықшамдалған бағдарлама арқылы жаңа емленің басты-басты жаңалықтарын бойларына сіңірді, – дейді «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталықтың әдістеме басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Сейітбекова.

Шараға қатысушылар ересектерге латын әліпбиін үйрету кезінде өз мүмкіндіктерін дамытып, білімдерін арттырды. Бір айта кететіні, жаңа емле ережелерін үйрету барысында инновациялық педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдердің ғылыми-ізденушілік және оқу-әдістемелік қағидалары қолданылды.

– Республикалық шараға барлығы 150 адам қатысты. Оның ішінде облыстағы 13 тіл оқыту орталығының оқытушылары мен жоғары оқу орындарының лингвист ғалымдары, мекемлерде қазақ тілінен сабақ беретін мамандар бар. Жаңа әліпбидің емле ережелері негізінде қазақ тілі оқытушыларын қайта даярлықтан өткізу жұмыстары наурыз айынан басталған болатын. Бұл жұмыстарды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетіне қарасты Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жүргізіп жатыр. Биылғы жылы біздің облысымыздан 14 оқытушы Нұр-Сұлтан қаласындағы 72 сағаттық курсқа қатысып, жаңа әліпбиді оқытатын тренер дәрежесін алады. Бүгінге дейін аталған курстан 4 оқытушы өтті. Қазір олар тренер-оқытушы ретінде жаңа әліпби негізінде тренингтер жүргізуде, – дейді ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бөлімінің басшысы Сәуле Қалиғазина.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ
Фотосуретті түсірген автор

Объяснили новое правописание

В Усть-Каменогорске в стенах Восточно-Казахстанского государственного технического университета имени Д. Серикбаева прошел республиканский семинар «Новое правописание: структура и содержание». В ходе двухдневного мероприятия ученые-лигвисты вузов, преподаватели и методисты языковых центров области получили высококвалифицированные знания по новому алфавиту на латинской графике и нормам правописания казахского языка.

Для проведения семинара в Усть-Каменогорск прибыли специалисты Национального научно-практического центра «Тіл-Қазына» имени Ш. Шаяхметова. Целью мероприятия была подготовка и обучение преподавателей принципам внедрения нового казахского алфавита и норм правописания для последующего обучения ими более широкой взрослой аудитории.

– В обучении новому правописанию мы работаем в двух направлениях, - рассказывает руководитель методологического отдела Национального научно-практического центр «Тіл-Қазына» кандидат филологических наук Айнур Сейтбекова. - Первое направление включает 72-часовой курс в городе Нур-Султане. Второе направление – учебные семинары. Мы во всех областях страны ведем разъяснительную работу. Лекция в Усть-Каменогорске была очень успешной. На 12-часовом семинаре мы обучили 60 человек. Преподаватели смогли ознакомиться со структурой и содержанием нового правописания. Кроме того, мы познакомили их с IT-проектами. Преподаватели и методисты восточноказахстанских языковых учебных центров теперь смогут получать знания с помощью новой программы.

Слушатели семинара не просто пополнили свои знании в сфере обучения взрослого населения казахскому алфавиту на латинской графике. В процессе обучения были использованы новейшие концепции инновационных педагогических, научно-изыскательных и учебно-методических технологий обучения.

– Всего в республиканском мероприятии приняли участие 150 человек. Среди них были преподаватели 13 языковых центров и ученые-лингвисты высших учебных заведений, а также специалисты, преподающие казахский язык в учреждениях. Работы по переподготовке преподавателей казахского языка новому алфавиту начались еще в марте. Их проводит Национальный научно-практический центр «Тіл-Қазына» имени Ш. Шаяхметова при Комитете языковой политики Министерства культуры и спорта РК. Так, в этом году 72-часовые языковые курсы в городе Нур-Султане до конца декабря пройдут 14 преподавателей из нашего региона и получат степень тренера, которая дает право обучать новому алфавиту. На сегодняшний день данные курсы закончили четыре преподавателя. Сейчас они в качестве преподавателей-тренеров проводят тренинги по разъяснению правил и норм правописания на основе нового алфавита, – говорит руководитель отдела развития языков и координационной работы управления по развитию языков ВКО Сауле Калигазина.

Айбын АМАНГЕЛДИУЛЫ,
фото автора

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Новые вакансии

Также читайте

Самое читаемое

За 3 дня
За 7 дней
За 30 дней