Включите JavaScript в настройках браузера.
2 октября 2025
Сейчас читают:

Шығыс Қазақстанның қала, аудандарына жылу беріліп жатыр

Шығыс Қазақстанның қала, аудандарына жылу беріліп жатыр

Шығыс Қазақстанда ауа температурасының +10 °C-тан тұрақты түрде төмендеп кетуіне байланысты 1 қазанда жылыту маусымы басталды. Қазіргі уақытта орталықтандырылған жылу Өскемен, Риддер қалаларында және облыстың солтүстік аудандарында қосылған.

Өңірдегі балабақшалар, мектептер, медициналық мекемелер сынды әлеуметтік нысандардың барлығы жылуға бұдан ертерек қосылған.

Облыстағы 190 автономды және 33 орталықтандырылған қазандық жылыту маусымына толықтай әзір. Облыстағы үш жылу электр орталығы түгел жұмыс істеп тұр.

Риддердегі орталықта ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті қуат резерві жасалды.

Биыл өңір бойынша:

  • 52,8 шақырым жылу желілері;
  • 537 шақырым электр желілері;
  • 39 қосалқы станция және 55 трансформаторлық қосалқы станция күрделі жөндеуден өтті.

Апаттардың алдын алу мақсатында 243 шақырым электр желілері бойында орналасқан ағаш бұтақтары кесілді. Апаттық бригадалар құрылып, қажетті арнайы техникамен және материалдармен қамтамасыз етілді.

ҚР Энергетика министрлігімен, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Қаражыра» АҚ-мен бірге өңірге отынның уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету бойынша жұмыс қолға алынған.

Халық үшін 332,4 мың тонна көмір (жоспарланған көлемнің 73%-ы) дайындалды. Барлық жылу көздерінде көмірдің нормативті қоры, яғни кем дегенде 20 тәулікке жететін 424,4 мың тоннасы бар.

Бюджеттік ұйымдар отынмен толық қамтамасыз етілген. Жергілікті атқарушы органдар көмірдің жеткізілу барысын күнделікті бақылап, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша тиісті жұмысты жүргізіп жатыр.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте

Самое читаемое

За 3 дня
За 7 дней
За 30 дней