Включите JavaScript в настройках браузера.
23 мая 2019, 11:58

Знание - сила. Білімді мыңды жығар

Знание - сила. Білімді мыңды жығар

ШҚО-да 2000-нан астам адам қазақ тілін бiлуден тест тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 13-17 мамыр аралығында Ұлттық тестілеу орталығымен бірге Шығыс Қазақстан облысында сертификаттық және диагностикалық тестілеу ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік қызметшілердің және азаматтық қызметкерлердің қазақ тілін білу деңгейін анықтау.

Басқарма мамандарының хабарлауынша, биылғы жылы мемлекеттік қызметте істейтін азаматтардың 2100-і «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша емтиханға қатысуға ниет білдірді. 13-17 мамыр аралығында Өскемен, Семей, Риддер қалалары мен Бесқарағай, Үржар аудандарында тестілеу өткізілді. Облыс орталығында диагностикалық тестілеуді 459 адам тапсырды, ал 224 адам сертификаттаудан өтті. Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының оқытушылары тестке қатысушылар арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Кеңес беру кезеңінде тестілеудің мазмұны мен құрылымы туралы, сондай-ақ белгіленген талаптары туралы кеңінен айтылды.

- Жалпы «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бес деңгейден тұрады: бастапқы, базалық, орта, ортадан жоғары және жоғары, - деп түсіндірді ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Шығыс Қазақстан облыстық лингвистикалық орталығы директорының орынбасары Надежда Шушаникова, - Диагностикалық тестілеуге екі жарым сағат берілді, яғни 150 тапсырмаға 150 минут. Ал сертификаттық тестілеу 3 сағатқа созылды. Тапсырмалар үш блоктан тұрды: тыңдалым, оқылым мен лексикалық және грамматикалық бөлігі. Бұл тесті департамент қызметкерлері бірінші рет тапсырып көрді. Сертификаттық тестке жоғарыда айтылған үш блоктан бөлек хат блогы кірді. А1, А2 деңгейіне сәйкес тесттен өткендер диктант жазса, В1,В2 деңгейі бойынша тестен өткендер мазмұндама, ал С1 деңгейіндегілер эссе жазды. Сертификат алу үшін тест тапсыруға өтінішті мемлекеттік қызметшілер мен бюджет саласында жұмыс істейтіндер берген. Мысалы «KEGOC» АҚ қызметкерлері екінші жыл қатарынан сертификаттық тестілеуден өтті.

Биылғы жылы «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша емтиханға қатысқандар арасында облыстық Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің, Қазынашылық комитетінің, ШҚО Статистика департаменті және әскери бөлімдердің қызметкерлері және Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері болды.

Шығыс Қазақстан облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма мамандары Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекеттік тілді білу керектігін атап өтті.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ
Фотосуретті түсірген – Виктор Абакумов

В ВКО более 2 000 граждан сдали тест на владение казахским языком

С 13 по 17 мая Управлением по развитию языков ВКО совместно с Национальным центром тестирования в Восточно-Казахстанской области было организовано сертификационное и диагностическое тестирование. Целью аналитического мероприятия стала проверка уровня знания государственного языка по системе КАЗТЕСТ среди государственных и гражданских служащих, оказывающих государственные услуги.

Как сообщили в управлении, всего по области в текущем году изъявили желание принять участие в своеобразном экзамене по системе «КАЗТЕСТ» 2 100 граждан, состоящих на государственной службе.

В период с 13 по 17 мая тестирование было проведено в Усть-Каменогорске, Семее, Риддере, Бескарагайском и Урджарском районах. В областном центре диагностический тест сдали 459 человек, сертификационное тестирование - 224 человека. Преподаватели Восточно-Казахстанского лингвистического центра провели обширную информационно-разъяснительную работу среди потенциальных участников. На подготовительных консультационных встречах всем, кому предстояло пройти срез знаний, подробно рассказали о содержании и структуре теста, а также об установленных требованиях.

- Всего «КАЗТЕСТ» включает в себя пять уровней: начинающий, базовый, средний, выше среднего и высший уровень, - пояснила заместитель директора Восточно-Казахстанского лингвистического центра управления по развитию языков ВКО Надежда Шушаникова. - На диагностическое тестирование отводилось два с половиной часа, то есть 150 минут на 150 заданий, сертификационное тестирование проходило три часа. Задания состояли из трех блоков — аудирование, чтение и лексико-грамматическая часть. Его сдавали служащие департаментов, участвовавшие впервые. Сертификационный тест помимо трех блоков включал в себя блок письмо. Тестируемые согласно уровню А1, А2 писали диктант, уровень В1, В2 писали изложение, уровень С1 писали эссе. На сертификат заявки подавались от самих государственных служащих и сотрудников бюджетной сферы. Например, сотрудники АО «KEGOC» второй год сдают сертификационное тестирование.

В этом году сдавать тест на определение уровня владения казахским языком по системе «КАЗТЕСТ» приняли участие сотрудники областного Комитета национальной безопасности, департамента казначейства, статистики ВКО, служащие воинских частей и департаментов ВКО, а также учителя НИШ и др.

В управлении по развитию языков подчеркнули, что знание государственного языка является обязанностью каждого гражданина Республики Казахстан.

Лилия ДРОЗДОВА,
фото Виктора АБАКУМОВА

Нравится
0
Смешно
0
Вау!
0
Печалька
0
Кошмарно
0
Не нравится
0

Также читайте

Самое читаемое

За 3 дня
За 7 дней
За 30 дней