Включите JavaScript в настройках браузера.
Выберите режим
21 апреля 2024
Сейчас читают:

Степное ауылында технологиялық жолды су шайып жатыр

Бүгін Үлбі өзенінің деңгейі көтеріліп, Степное ауылының арғы жағында орналасқан карьер жағасын және технологиялық жолды су жайып жатыр.

Жолды су алғанымен, жергілікті жердегі тұрғын үйлер мен жеке меншік аулаларға қауіп жоқ. Сондай-ақ, бұл жол арқылы елді мекендерге көлік қатынамайтын. Су жағасы мен шайылған жол бөлігі тасқын мерзімінен кейін қайта қалыпқа келтірілетін болады.

Сондай-ақ, Алтай ауданында бүгін Полянское ауылдық округінде Таволжанка өзенінің суы көтеріліп, Дородница ауылына апаратын жолдың бетіне шыққан. Аталмыш ауыл жоғары жерде орналасқандықтан елді мекенге қауіп жоқ. Жол арқылы көлік қозғалысына шектеу қойылмады.

Екі жағдай бойынша да тәулік бойы мамандар бақылайды. Қазіргі уақытта арнайы техника және мамандар әзір.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Новые вакансии

Также читайте

Самое читаемое

За 3 дня
За 7 дней
За 30 дней