Включите JavaScript в настройках браузера.
Выберите режим
21 февраля 2024
Сейчас читают:

Халықаралық деңгей — сөз емес!

Өскеменде жеңіл атлетикадан халықаралық сайыс тамаша өтті және бұл бастамасы ғана

Жақында облыс орталығында өткен сайысқа он елдің спортшылары қатысты. Бұл нағыз ауыз толтырып айтарлықтай шара болды.

Өскемен қаласы осындай жоғары деңгейдегі жарысты өткізуге қаншалықты дайын екенін анықтау үшін Ольга Рыпакова атындағы Жеңіл атлетикалық орталыққа жол тарттық.

Өскемен қаласындағы аталмыш спорт манежі 2014 жылы ашылған, биыл он жыл болады. Орталық Азияда баламасы жоқ, Regupol AG жабындысы төселген спорт нысаны барлық халықаралық талаптарға сай. Сондай-ақ манежде шешінетін бөлме, душ кабиналары, әкімшілік кабинеттер, дәрігер, массаж бөлмесі, методикалық және бапкерлер бөлмелері қарастырылған. Спорт кешені екінші деңгейдегі халықаралық сертификатқа ие. Демек, мұнда халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі жарыстар, сондай-ақ оқу- жаттығу жиындарын өткізуге болады.

Орталыққа ат басын бұрған құрметті қонақтардың қатарында үш салмақ дәрежесіндегі төрт дүркін әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, зілтемірші Илья Ильин; Сидней-2000 олимпиада чемпионы және жеңіл атлетикадан әлем чемпионы Ольга Шишигина; Ресей Федерациясының атақты палуаны Александр Карелин сынды тұлғалар бар. 

Болашақ чемпиондар ұстаханасы

Орталық осы аймақта ашылған спорт мектебінің жаттығу орны. Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінде өз шәкірттерін беделді сайыстардың тұғырына көтеруді басты міндет санайтын мықты бапкерлер жұмыс істейді. Мектептен он жылдың ішінде 15 спорт шеберлігіне үміткер, 10 спорт шебері және халықаралық деңгейдегі бес спорт шебері шықты. 60 республикалық және 7 халықаралық дәрежедегі чемпиондар да осы спорт мектебінің түлектері.

Аталмыш турнирде биіктікке секіруден екінші орын алған, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Елизавета Матвеева да осы жерде жаттығады. Лизаның жеңіл атлетикаға 11 жасында, тура Ольга Рыпакованың Олимпиада ойындарынан ғажап жеңіспен оралуымен қатар келуі бекер емес.

— 2012 жылы дене шынықтыру мұғалімі спорттың осы түрімен шұғылдануды ұсынды. Ол кезде мен аты әлемге танымал олимпиада чемпионының біздің қалада тұратынынан басқа ақпараттан хабардар едім, — дейді Елизавета Матвеева. — Екі жылдан кейін сол Рыпакованың атындағы жеңіл атлетика орталығында жаттығамын деген ой үш ұйықтасам да, түсіме кірген емес.

Лизаның отбасы да спортқа бір қадам жақын: анасы жас кезінде кәсіби түрде велоспортпен, әкесі хоккеймен шұғылданса, бауыры одан үлгі алып, жеңіл атлетиканы таңдаған.

Оның қанжығасындағы ірі жеңістер мен жетістіктерінің арасында – 2016 жылы 30-дан астам мемлекеттің спортшылары қатысқан, «Азия балалары» VI Халықаралық спорт ойындарында биіктікке секіруден бірінші орын алғанын ерекше атап көрсеткен жөн. Ол еліміздің, халықаралық жарыстардың көп дүркін чемпионы.

Елизаветаның айтуынша, Өскеменде бой көтерген жеңіл атлетикалық орталықтың арқасында  сапалы түрде жаттығуға, халықаралық деңгейдегі сайыстар өткізуге мүмкіндік туындады.

Кемелдікке шек жоқ

Отандық спорт шеберлерін дайындайтын орталық осы жетістікпен шектеліп қалмайтыны сөзсіз. Сондықтан, жеңіл атлетика орталығы үнемі жаңартылып отырады. Ең алдымен материалдық базаға аса көңіл бөлінеді. Осы тұста Орталыққа облыстағы өнеркәсіп кәсіпорындары қол ұшын береді.

— «Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Диляра Кагырманованың айтуынша, 2019 жылы KAZ Minerals Тобы шынықтыру аймағының құрылысына демеуші болған. Негізгі сайыс аренасынан бөлек, шынықтыру аймағында 110 метрлік сегіз жолақ, диск лақтыру аймағы, сондай-ақ үш рет қарғып секіру, ұзындыққа, биіктікке және сырықпен секіру секторлары ашылды. Осы құрылыстың арқасында оқушылардың құрамы біршама өсіп, жеңіл атлетикаға қызығушылардың саны да артуда.

Шынығу аймағында атағы шыққан спортшылармен бірге шығыс қазақстандық жас буын атлеттер бірге жаттығады. Мұнда қашан келсең де адам көп: диск лақтырушылар мен секірушілер қатар жаттығады, алыс және жақын қашықтыққа жүгіретіндер өз күштерін сынап жатады. Орталық директорының сөзіне қарағанда, шынығу аймағында күн сайын 800 ден 1000-ға дейін атлет жаттығады.

Жерлесіміз Лиза Матвеева да өзі үлгі тұтатын Ольга Рыпакова секілді Олимпиада ойындарына қатысып, жеңіспен оралуды армандайды.

— Осы уақыт бойы мен Олимпиадаға қадам басып келемін, талаптарды орындап, 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстан командасының құрамына кіруді көздеймін, — дейді Елизавета. Ол осы тұста халықаралық талаптарға сай жеңіл атлетика манежінің салынуы спортпен кәсіби шұғылдануға және жеңіске жетуге мүмкіндік беретінін тілге тиек ете кетті.

Жоғарыда айтылған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Түркия, Армения, Грузия және Әзірбайжан елдерінің 80-нен астам спортшылары қатысқан, Ольга Рыпакова жүлдесі Халықаралық турнирдің нәтижелері тіпті керемет болды. Сайыста екі жергілкті рекорд жаңартылды. Давид Ефремов алпыс метрді кедергілермен жүгіруде 7,64 секундте мәреге жетіп, алтын алқа иеленді. Ал, Қырғызстандық Нурсултан Кенешбеков 1500 метр қашықтықты 3:45,82 бағындырып, турнир рекордын орнатты.

Шығыс Қазақстан облысының спортшылары жүлденің басым бөлігін қанжығасына байлады. Биіктікке секіруден алтын жүлде Надежда Дубовицкаяға бұйырса, 200 метр қашықтықтағы аралас эстафетада Андрей Соколов озып шықты, Ефим Тарасов 400 метр қашықтыққа жүгіруден жеңіс тұғырына көтерілді. Біздің кейіпкерімізбен қатар күміс жүлдені 1500 қашықтыққа жүгіруде Игорь Хрунин мен 60 метрге кедергілермен жүгіруде Юлия Башманова иеленді. Сондай-ақ Эльнор Мухитдинов қысқа қашықтықтағы аралас эстафетада қола жүлдені иеленді.

Ольга Юрьева, Мира Круль
Фото: Алексей Губанов, Екатерина Сёмина, Елена Бредихина

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Новые вакансии

Также читайте

Самое читаемое

За 3 дня
За 7 дней
За 30 дней